«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023»
Жамбыл облысында өтіп жатқан «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумның алғашқы күні «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде түйінделді.
Бұл күнгі шаралар легі ашық аспан астындағы гала-концерт пен лазерлік шоуға, шашлык-фэстке ұласты. Аталған кешеннің алаңшасына жиналған көпшілік облыс әкімі және форумның құрметті қонақтарымен бірге думанды шараны тамашалап, мерекелік көңіл күймен тарқасты.
Айта кетейік, «ZHEIF-2023» халықаралық форумының жұмысы ертең де маңызды басқосулар және келелі кездесулермен жалғасады.
Жамбыл облысы әкімдігі