ЖАМБЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжін 6 мамандық бойынша 147 студент аяқтады. Оның ішінде 122 cтудентке біліктілік санаттары беріліп, студенттер «Модульдік оқыту» жүйесінің нәтижесінде екі біліктілік санаттарын алды. Мысалы: наубайшы-кондитер, автомобиль жөндеу слесарі – автоэлектрик.




