Жамбыл өңіріндегі жөндеу жұмыстары жайында

 

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 3 учаскесінде жол өткелдері жөнделуде. Атап айтсақ республикалық маңызы бар автожолдың 426-250, 415-350, 344-500 шақырымдарындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.  2 жол өткелінде плиталар ауыстырылып, жолдың бойын жарықтандыру аяқталды. Бүгінде жолшылар суды бұру құбырларын орнатуды бастады. Ал, 426 шақырымдағы үшінші жол өткелінде көпір үсті плиталары ауыстырылуда.  Нысанда 37 бірлік жол құрылыс техникасы мен 22 адам жұмылдырылған.