Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы білім мәселелерін саралады

 Біз – әрқашан қолымызға қалам ұстатып, алғашқы әріпті танытқан ұстаздарымызға басымызды иіп, құрмет көрсетіп келген халықпыз.
🔰 «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген сөз де тегіннен айтылмаған. Бұл мұғалімдердің бұрыннан зор құрметке ие болғанын білдіреді.
🔰 Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы және Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Д.Ускумбаеваның қатысуымен облыстың мектеп директорлары мен жиналыс өткізілді.
📌Жиын барысында білім сапасын қамтамасыз ету, мектепішілік бақылауды жақсарту, нормативтік-құқықтық құжаттарды оқу мәдениеті, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, қауіпсіздік мәселелері және т.б. көкейкесті мәселелер қаралды.
🔰 Сонымен қатар күн тәртібі оқу жылының басталуына орай ұйымдастыру жұмыстары: мектепішілік бақылау, ыстық тамақ, қауіпсіздік, тасымал, Отбасылық цифрлық картаның өзектендірілуі қаралып, мониторинг қорытындылары ортаға салынды.
✅Маңызды жиында қауіпсіздік мәселелері оқулықтармен қамтамасыз ету, асхана, спортзал, оқушыларға қолайлы жағдай жасау сұрақтары қаралды.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы