Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен анықталған мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін бұзушылықтар

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен (әрі қарай-Департамент) мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланған күнделікті мемлекеттік сатып алулардың мониторингі жүзеге асырылады, сонымен қатар, прокуратура органдарымен мониторинг жүргізіліп Департаментке әкімшілік жаза қолдану хаттар жолданады, одан басқа, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясымен жоспарлы тексерулер жүргізіліп, департаментке тиісті шара қолдану және қабылдау үшін құжаттар жіберіледі.

Бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген келісімді тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен, атап айтқанда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 39-бабында көзделмеген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен байланысты, бұл лауазымды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 207-бабының 11-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Кодекстің осы бабында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталғанда Департаментпен оларды жою туралы хабарламалар жіберіледі. Осы хабарламалардың орындалуына назар аудару керек. Өйткені тиісті түрде рәсімделмеген жағдайлар Кодекстің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Бір көзден заңсыз келісім-шарт жасасу осы заңға негізделетін мемлекеттік сатып алудың негізгі қағидаларын бұзуға әкеп соғады. Атап айтқанда мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуы, себебі осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға әлеуетті өнім берушілер арасында әділ бәсекелестік және әлеуетті өнім берушілер үшін төмен бағалар мен тең мүмкіндіктер жоқ.

Сонымен, 2019 жылы Департаментпен мемлекеттік сатып алуда келісім-шарттарды заңсыз жасасу бойынша жалпы сомасы 57 784,6 мың теңге айыппұлмен 412 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан басқа, жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі болып тапсырыс берушінің сотқа шағымданбауы немесе уақтылы келмеуі, келесі жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап бар:

1) әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген;

2) өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі.

Кодекстің 207-бабының 10-тармағына сәйкес, бұл бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған болса, лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы бұзушылықтардың орын алуына байланысты әлеуетті өнім берушілер келісім-шарттық міндеттемелерді орындау мерзімдері мен сапасы сәйкес келмеуіне әкеп соғады.

2019 жылы Департаментпен Кодекстің 207-бабының 10-тармағына сәйкес жалпы сомасы 11101,3 мың теңге 332 әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Осыған байланысты, әкімшілік айыппұлдардың алдын алу үшін барлық мемлекеттік органдарға Заңның ережелерін қатаң сақтауды және қызметтік міндеттерін тиісінше орындауды ұсынамыз.

М.Мұхаметрахымов,

Жамбыл облысы бойынша ІМАД-нің  басшысының орынбасары.