Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ардагер — тәлімгерлері жас қызметкерлермен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ардагер-тәлімгерлерімен жас қызметкерлермен кездесу өткізілді. Кездесуде Жамбыл облысы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақылбек Тенгебекұлы жас қызметкерлердің қызметке деген ынтасын арттыру мақсатында сөз сөйлеп, алдағы уақытында атқаратын қызметінде елеулі еңбек ету керек екенін жеткізді. Жиында департамент бастығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы Саденовтың 2024 жылдың 5 шілдесіндегі бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінің заңгерлік қызмет тобының заңгері ҚАЖ ардагері Құрманғазы Бахытбекұлын Алғыс хатпен марапаттады!