Жамбыл облысында 2 тәулік ішінде 20 мас жүргізуші анықталды

 Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша жергілікті тексеру жұмыстары жүргізілді.

 Екі тәулік  ішінде жергілікті полиция қызметкерлері 2400-ден астам жол ережесін бұзу   дерегін тіркеп, мас күйінде көлік жүргізген 20 жүргізуші анықтады.

 

Тәртіп бұзушылардың жалпы санынан бұрын  көлік жүргізу құқығынан айырылған- 6 адам, сондай-ақ мас күйінде көлік басқарған 3 жүргізуші  ұсталды.

Талас ауданындағы аумақты патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «ВАЗ 21140″маркалы көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында осы көліктің 21 жастағы жүргізушісі 2020 жылы Талас аудандық сотының шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды, бірақ соған қарамастан ол көлікті басқарып, мас күйінде болған.

— Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді, — деп хабарлады Жамбыл облысының  ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Сондай — ақ, тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін  тақпағаны үшін -304 тәртіп бұзушыны, көлік  басқару  кезінде телефондарын пайдаланғаны үшін- 206 жүргізушіні, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 6 тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Сонымен қатар, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған  306 жаяу жүргінші анықталды. Полиция қызметкерлерімен  барлығы 50-ден астам көлік   айып тұрағына қойылды.