Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп көз жұмды

Сурет: liter.kz

Қайғылы оқиға 4 наурыз күні, сағат 17:52-де Жамбыл облысы, Малдыбай стансасында болған. Оқиға кезінде сәби қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы теміржолға жақын жерде тұрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баланың жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жол қызметкерлері балаларды теміржол, вокзал перрондарында қараусыз қалдырып кетудің қаншалықты қауіпті екенін еске салады», – деді компаниядан.

ҚазАқпарат