ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2000-НАН АСТАМ ӨНДІРІСТІК КОМПАНИЯ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Қазіргі уақытта облыс бойынша 2 000-нан астам өндірістік компания жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, облыс және аудан әкімдігімен бірлесіп өндірістік кәсіпорындармен тауарларға сертификат алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
✅Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев айтты. Ол бүгінде инвестициялар тарту шеңберінде, басқа республикалардың делегацияларымен тығыз өзара іс-қимыл орнату бойынша іскерлік кездесулер өткізіліп жатқанын жеткізді.
©️©️©️
«Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасының Бас консулымен, Литва Республикасының елшісімен, Өзбекстан Республикасы делегациясымен, Тәжікстан Республикасының елшілігімен, Түркиядан, Франция кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер жүргізілуде», — деді спикер.
Сондай ақ, Нұралы Баянбайұлы «Қазфосфат» ЖШС, «Әулие ата Феникс» ЖШС, «Талас Investment Company» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС сияқты жергілікті өндірістік компаниялары жоғарыда аталған республикаларға тауарларын экспорттайтынын атап өтті.