Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығынан пойыздар тоқтап қалды
Құтқару жұмыстарына 117 техника, 103 адам жұмылған.
Түнгі уақыттан дәл қазіргі уақытқа дейін құтқарылғандар саны 2,5 мың адамды құрайды. Олардың 90-ы бала. 600-ге жуық адам үйлеріне жіберілді. 1800-ден астам адам алты ауылдағы жылыту пункттеріне жеткізілді. 3 жолаушы Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Ақ жол газеті