Жамбыл облысында ежелгі адамдардың көп қоныстанған жері – Қаратау жоталары

Жамбыл облысында ежелгі адамдардың көп қоныстанған жері – Қаратау жоталары, өйткені бұл жердің климаты қолайлы және жері шұрайлы еді. 1957 жылы 20 жыл бойы Х.А.Алпысбаевтың жетекшілігімен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында Талас, Сарысу аудандарының территориясынан палеолиттік он екі тұрақтар мен мекен-жайлар табылды. Бұл зерттеу өлкеміздің адам баласының ең ежелгі бекіністерінің бірі болғандығын дәлелдейді. Оларға шамамен 600-ден 800 мың жыл болған. Қаратау жотасының шығыс беткейіндегі палеолиттің ең ірі ескерткіші Тәңірқазған және Бөріқазған қатарлас орналасқан. 500 метр биіктікте орналасқан бұл тұрақтар ашық, жер типтес болып келеді. Зерттеу жұмыстары кезінде олардың еңбек құралдары табылды. Оларды 4 топқа бөлуге болады: 1-2 қырлы шапқылар, жүзі мұқият қайралған шапқы, архаикалық үлкен отшептер және ірі желвак-нуклеустер. Тас еңбек құралдары Х.Алпысбаевтың 1958 жылы сыйлаған коллекциясы қазіргі уақытта музейдің экспозициясынан орын алып отыр.
Дерек көз; Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейі