Жамбыл облысында өрт оқиғалары өршіп тұр
2023 жылдың 27-28 маусымында Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне төмендегідей шақыртулар түсті:
27 маусымда сағат 15.10-да Жуалы ауданы, Күреңбел ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында сарайдың жанында жиналған шөп өртке оранған. Оқиға орнына №14 өрт сөндіру бекетінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 2 өрт сөндіруші-құтқарушы шығып, өртті 35 минутта жойды. Өрттің ауданы 70 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 200 түк (4тн) шөп жойылды.
Сонымен қатар, сағат 15.39-да Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округінің шаруа қожалығының ауласында шөпхана, қора және жиналған шөп өртенген. Оқиға орнына №6 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 8 адам жеке құрам шыққан. Өрт сөндірушілер өртті 5 сағаттан астам уақытта жойған. Өрттің жалпы ауданы 290 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан қора, шөпхана және 2000 түк (30тн) шөп жойылды.
Ал 28 маусымда сағат 16.15-те Шу ауданы, Төле би ауылындағы жеке тұрғынүйдің ауласында жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнына №19 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 6 адам жеке құрам шыққан. Өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі жойылды.
Дәл сол күні сағат 17.29-да Жамбыл ауданы, Ерназар ауылындағы жеке тұрғын үйдің шатыры өртенген. Өрттің ауданы 80 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына №6 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 6 адам жеке құрам шығып, өртті жарты сағаттан астам уақытта жойған. Өрт салдарынан тұрғын үйдің шатыры жойылды, бөлмелері зақымдалды.
Облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары соңғы екі күн ішінде қураған шөп пен жану оқиғасына 45 рет, тұрғынүйді түтіннен тазарту жұмыстарына – 2 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған есіктерін ашу жұмыстарына – 4 рет, полиция қызметіне көмек көрсету мақсатында – 2 рет шыққан.
Осыған байланысты облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, ал үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көздерінен ажыратуды, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сондай-ақ, шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың назарына сақтық шараларын сақтауға және су көздеріне жақын маңда тұратын балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырамыз. ал өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындағанда «101», «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті