ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ОТБАСЫ БАНК» ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУБСИДИЯЛАУ БОЙЫНША 160 ӨТІНІШ МАҚҰЛДАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 18-сәуірден бастап жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады. Алғашқы қатысушылар «Отбасы Банк» АҚ-нан өтініш беруге шақыртуы бар SMS-хабарлама алды. Платформа іске қосылған уақыттан бері үміткерлер жолдаған 3 227 өтініш мақұлданды. Оның 160-ы Жамбыл облысынан.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Отбасы банк директорының орынбасары Жақсылықов Талғат айтты. Өтініштер онлайн режимде оtbasybank.kz порталына жолдануда. Өтініштер қабылданып, өңделіп жатқан платформа – бірегей, оның Қазақстанда баламасы жоқ.
©️©️©️
«Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады: 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар; көп балалы отбасылар. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.Биыл азаматтарымызды қолдауға 50 млрд теңге қарастырылған. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50% алады. Қазақстандықтар қысқа мерзімде, кезексіз өтінім берулері үшін біз бүкіл процесті онлайн режиміне аудардық», — деп түсіндірді Талғат Қалдыбекұлы.
✳️Тағы бір талап – субсидия алуға үміткердің депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы оны аша алады.