Жамбыл облысында ревматологиялық орталық ашылды
Дегенмен, соңғы кездері ол жастар арасында да кездесуде. Дер кезінде емделмесе, бұл ауру адамды мүгедектікке әкелуі ықтимал.
Жамбыл облысында ревматологиялық орталықтың ашылуы — осындай мақсаттан туындап отыр.
Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында алғаш рет ашылған ревматологиялық орталықтың салтанатты ашылуына қатыстым. Өңір медицинасындағы оң өзерістердің нәтижелі болатынына және халық денсаулығын жақсартуға орталықтың үлкен септігі тиетінініне сенімдімін.
Ревматологиялық дертке шалдыққан жамбылдықтарға барынша жоғары және білікті медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған:
-Бұл орталық өңірдегі ревматологиялық ауруларды қамту, диагностикалау және емдеуді жақсартады. Пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі дәрі-дәрмектерді уақтылы тағайындау үшін пациенттердің динамикалық мониторингі ұйымдастырылады. Ол физиотерапия және жаттығу терапиясының әдістерін қолданып, науқастарға мүгедектіктің алдын алуға көмек көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін және күндізгі стационарлардан бөлек, емделушілерге тексерілу, кеңес алу және емдеу мүмкіндігін беретін амбулаториялық қызмет кеңейеді.
Медициналық көмекті 4 дәрігер көрсетеді. Айта кетейін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емхананың жолдамасы бойынша ревматологиялық орталықта тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.
Облыс бойынша ревматологиялық диагнозбен 4825 науқас диспансерлік есепте тұрады, оның ішінде құрылымында негізгі бөлігі бойынша остеоартроз – 1656, серонегативті ревматоидты артрит – 1142, серопозитивті ревматоидты артрит – 985, жүйелі қызыл жегі ауруымен (системная красная волчанка) басқа реактивті артропатия 142 пациент.
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының құрамынан ашылған орталықтың негізгі бағыты – аутоиммундық аурумен ауыратын науқастардың өмір сүру жағдайын жақсарту, заманауи инновациялық әдістерді енгізу арқылы ревматологиялық есептегі науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту және мүгедектіктің алдын-алу.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, отандық фармациялық өнімді қолдау үшін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы Қарағанды фармацевтикалық кешенімен бір жыл бұрын меморандумға отырған болатын. Бүгінде аурухана аталмыш заводтың шығарып жатқан гендік инженерлік биологиялық препараттарын қолданып, аутоиммундық ревматологиялық ауруларды емдеуде.
Пациенттердің кері байланысына сүйенсек, ол — оң динамикалық өзгерістер беруде. Айта кетейін, бұл биогенді әдіс — адам ағзасына қауіпсіз, әрі тиімді болып табылады.
Жанар Оспанова, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы