Жамбыл облысында сарбаз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Ұлықбек Бердішов Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Ол Меркідегі шекара заставасына 6 ай бұрын әскери борышын өтеуге келген. Жұмбақ жағдайда жоғалған сарбаздың туыстары Ұлықбектің осы уақыт аралығында бірде-бір шағым айтпағанын мәлімдеді. Ешкімге зияны жоқ азаматтың еш хабарсыз кетуі анасын да алаңдатып отыр. Ал, әскери бөлім басшылығы бұған қатысты ақпаратты кейін беретінін айтты.
“Сіздерден өтінерім, баламды көрген-білгендер болса, хабар беріңіздерші. Өтініп сұраймын. Көп балалы анамын. Үлкен ұлым еді, тұла бойым тұңғышым. Ол қашатын бала емес, өте жуас, тұйық бала өзі”, – дейді Бердішовтың анасы Орынкүл Мерекова.