Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 77 қылмыстық іс қаралған
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов хабарлады.
Оның мәліметінше, 2016 жылы Жамбыл облысы бойынша судьялары мен 2233 тұлғаға қатысты 1921 қылмыстық іс, ал 2015жылдың осы кезеңінде 2100 тұлғаға қатысты 1855 іс қаралған (яғни өткен жылмен салыстырғанда 133 тұлғаға қатысты 66 қылмыстық іске артқан). Алқабилердің қатысуларымен 4 қылмыстық іс қаралған, ал өткен жылы — 1 қылмыстық іс қаралған болатын.
2016 жылы сотталған 1742 тұлғаның аса ауыр қылмыстары үшін — 85, ауыр қылмысы үшін — 768, ауырлығы орташа — 268, онша ауыр емес қылмысы үшін — 217 және теріс қылықтары үшін — ұлғаға айып тағылған.
Сотталғандар 1742 тұлғаның ішінде бас бостандығынан айыру жазасына 548 тұлға тартылған немесе 31,5 %, ал 2015 жылы 30,5 %.
2016 жылы ҚПК-нің негіздеріне сай, 435 қылмыстық іс қысқартылған, соның ішінде ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігіне сай — 193 іс, ал 2015 жылы медиациялық рәсімдерді қолдану арқылы 104 іс қаралған.
Медиацияны қолдану арқылы қысқартылған істер негізінен Қордай аудандық соты (43 іс), Байзақ аудандық соты (28) және №2 Тараз қалалық соты 24 іс қаралған.
Судьялардың жүктемесін азайту мақсатында қазіргі уақытта Жамбыл облыстық прокуратурасымен, Ішкі Істер Департаментімен және «Бітімгер» «Құқық және медиация орталығымен бірлесе отырып, прокуратура органдарымен қылмыстық істерді тараптардың татуласуына байланысты сотқа дейінгі процесс барысында қысқарту процедурасын қолдау үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол койылып, бүгінгі таңда ішкі істер Департаментінде медиация кабинеті ашылды. Медиаторлардың қатысуымен Тараз қаласы №2 сотының ықпал етуімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 52 қылмыстық іс қысқартылды.
2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 77 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 24 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, 41 тұлғаға қатысты 185 417 550 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның шінде 138 416 296 немесе 74,6 % толық өндірілген. Өндірілмеген айыппұл сомасы 45 601 254 немесе 24,6 % құрайды.
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 56 тұлғаға қатысты 54 үкім өзгертілген. Оның ішінде 2 үкім «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы заңның қолданылуына байланысты өзгертілген, — деп хабарлаған сот алқасының төрағасы БАҚ өкілдерінің де сұрақтарына толымды жауап қайтарды.