Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
Облыстың 4 қаласында жалпы 1 831 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 599-ы қанағаттанарлық жағдайда (32%), 561-і күрделі жөндеуден өткен (30%), 671-і жөндеуді қажет етеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында 2011-2023 жылдары аралығында жалпы 17,0 млрд. теңгеге 561 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті (11,8 млрд. теңге РБ — 363 үй, 2,0 млрд. теңге ЖБ — 67 үй, 3,2 млрд. теңге қайтарым қаражат — 131 үй).
Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы жалғасын тауып, жалпы 5,9 млрд. теңгеге 79 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде Тараз қаласында — 53 үй, Жаңатас қаласында — 12 үй, Шу қаласында — 10 үй, Құлан ауылында — 4 үй.
Нәтижесінде, жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 32,3%-ға төмендейтін болады.