Жамбыл облысында «Жерлестер» форумы өтеді.
Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткізген баспасөз конференциясында айтты.
Берік Уәлиұлы басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, түсіндіру және ақпараттық саясатты жүргізу сияқты басқарманың негізгі жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталып, жыл соңына дейін атқарылатын бірқатар ауқымды жоспарларымен бөлісті.
«Ішкі саясат басқармасы қазан-қараша айларында айында «Жерлестер» Форумы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу институтының сарапшыларының қатысуымен семинар тренинг, Алаш әскерінің құрылғанына 100 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы, желтоқсан айында ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция мен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу жоспарымызда тұр» — деді басқарма басшысы.
Толық ақпарат: http://uvp-zhambyl.kz/…/177-ishki-sayasat-bas-armasy-zherle…
#zhambylgovkz #БерікУәли