ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ🔰Жамбыл облысының орталығы – Таразда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды. Бұл еліміз бойынша «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының демеушілігімен құрылған бесінші орталық. Оған облыс әкімдігі мен “Қамқорлық” корпоративтік қоры да қолдау білдірген. 📍Жыл сайын орталықта 1,5-тен 18 жасқа дейінгі 125 бала мамандардың көмегін тегін алып, олардың ата-аналарына қолдау көрсетіледі деп күтілуде. ❗Салтанатты ашылуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» қоры Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қамқорлық» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты. ✅ Аймақ басшысы өз сөзінде орталықтың облыс тұрғындары үшін маңызы зор екенін баса айтты.

🔰Жамбыл облысының орталығы – Таразда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды. Бұл еліміз бойынша «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының демеушілігімен құрылған бесінші орталық. Оған облыс әкімдігі мен “Қамқорлық” корпоративтік қоры да қолдау білдірген.
📍Жыл сайын орталықта 1,5-тен 18 жасқа дейінгі 125 бала мамандардың көмегін тегін алып, олардың ата-аналарына қолдау көрсетіледі деп күтілуде.
❗Салтанатты ашылуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» қоры Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қамқорлық» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
✅ Аймақ басшысы өз сөзінде орталықтың облыс тұрғындары үшін маңызы зор екенін баса айтты.

Жамбыл облысының әкімдігі