🔰Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

📍Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
❗️Атап айтқанда, тараздық өнертапқыш Аюбаев Марат жаңа технологияларды қолдана отырып жасаған өрт сөндіру құрылғысын жүзеге асыруға қолдау көрсетін сұрады. Ал, сарысулық Парсаева
Фариза Қызының еміне демеушілер есебінен қаржылай көмек сұрады.
🔹Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар қайырымдылық көмек көрсету, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, спорт нысандарын салу және өзге де мәселелерді көтерді.
✅ Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.