🔰Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев шетелдік инвесторлармен кездесті.

📍Кездесу барысында Италиялық «Confindustria Kazakhstan» компаниясының бас директоры Валтер Макчи компания өзінің 113 жылдық тарихында ең маңызды бизнес ассоцацияға айналғанын жеткізді. Сонымен қатар, өткен жылы Астана қаласында филиалы ашылып, жемісті жұмыс істеп жатқанын сөз етті.
❗️Ол өз жобасын таныстыру барысында қаланы дамыту және білім алмасу мәселесіне қатысты, нақты айтқанда архитекторлар мен инженерлер дайындайтын италиялық іргелі оқу орнының филиалын ашу туралы жоспарларын ұсынды.
✅ Бұдан кейін қытайлық «CECGC Overseas Investment Company» компаниясының өкілі Тао Джанг пен Гаокианг Юн өз жобаларын таныстырды.