Жамбыл облысының әкімі тағайындалды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Тараз қаласына барды.
Отырыста Премьер-Министр Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Әлихан Балқыбеков пен Нұржан Нұржігітовтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 191 депутаттың 164-і Н.Нұржігітовтің кандидатурасына дауыс берді, 27 депутат Ә.Балқыбековті таңдады.
Жамбыл облысы