Жамбыл облысының халық саны қанша?
2023 жылғы 1 қаңтарға облыс халқы 1218000 адамды құрады. 2022 жылдың басынан бастап облыс тұрғындарының саны 8,3 мың адамға немесе 0,7%-ға өсті. Қалалық жерлерде 526,8 мың адам (жалпы халық санының 43,2%-ы), ауылда – 691,2 мың адам (56,8%) тұрады. Жамбыл облысының гендерлік аспектісінде ерлер мен әйелдер санының арақатынасында тепе-теңдік қалыптасты деуге болады, халықтың жалпы санынан ерлердің үлесі 49,6% (604,3 мың адам), әйелдер 50,4%-ды (613,7 мың адам) құрады.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі