Жамбыл облысының от жауынгерлері тұрғынүйдің өртке орануына жол бермеді
2023 жылдың 16 қазанында 19 сағат 42 минутта Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылындағы жеке тұрғын үйдің мал қорасы және оған жапсарласып соғылған шөпхана өртенгендігі жөнінде хабарлама келіпе түскен. Оқиға орнына Жуалы аданы №7 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен7 адам жеке құрам жедел шығып, өртті жарты сағаттан астам уақытта жойды. Өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан қораның шатыры, ағаш қаптаулары және шөпханада жиналған 500 түк шөп(10т) жойылды. Дегенмен от жауынгерлері өртке оранған мал қораның ішінен 2 қойды құтқарып, қызыл жалынның одан әрі тұрғынүйге таралуына жол бермеді. Ал өз кезегінде үи иесі өрт сөндірушілердің кәсіби шеберліктеріне ризашылығын білдіріп, тұрғынүйді өрттен аман алып қалғандары үшін алғысын білдірді.
Жоғарыда аталған өрт оқиғасынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандармен өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда. Құрметті облыс тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Өрт немесе өзге де төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын еске саламыз.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті