ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ 1 МЛН. 152 МЫҢ АДАМҒА ЖЕТТІ

Биылғы мамырда Жамбыл облысының халқы 1152,1 мың адамды құрады. Жыл басынан бері өңір тұрғындарының саны 2,2 мың адамға өсті. Қалалық жерлерде 461,7 мың адам (халықтың жалпы санының 40%-ы), ауылда – 690,4 мың адам (60%) тұрады.

✅Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев айтты. Ол аймақтың гендерлік аспектісінде ерлер мен әйелдер санының арақатынасында тепе-теңдік қалыптасты деуге болатындығын атап өтті. Халықтың жалпы санынан ерлердің үлесі 49,5% (570,4 мың адам), әйелдер 50,5%-ды (581,7 мың адам) құрайды.

©️©️©️

«Облыста 1000 әйелге есептегенде 980 ерден, оның ішінде қалалық жерде – 909, ауылдық жерде 1031 ерден келеді. 100 қыз балаға орта есеппен 108 ер бала туылады. Біздің өңір тұрғындарының орташа жасы 29,5 жасты құрайды, оның ішінде ерлер – 28,1, әйелдер жасы – 30,9», — деді спикер.

❇️Ерназар Сейтханұлы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы былтыр — 69,15 жасты, оның ішінде ерлер – 65,41, әйелдер 72,97 жасты құрағанын мәлімдеді. Облыстағы халық санының өсуі, негізінен туу есебінен — табиғи өсімнің артуымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылғы қаңтар-сәуірде дүниеге келген бала саны бойынша біздің облыс республикада Түркістан, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан кейінгі 6 орында тұр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі