«Жамбыл-Жылудың» 75 қазандығының 74-і көгілдір отынмен жұмыс істейді
«Жамбыл-Жылу» МКК-ның теңгерімінде барлығы 75 қазандық бар, оның ішінде: Тараз қаласы бойынша 43 қазандық, аудандарда орналасқан 32 қазандық. 75 қазандықтың 74-і табиғи газбен жұмыс істейді, 1 қазандық қатты отында. Кәсіпорын балансында 12,56 км газ желілері, 10,095 км электр желілері, 45,366 км жылу жүйелері бар.
✔Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында «Жамбыл-Жылу» МКК директоры Ниязқұлов Бөріхан Үменұлы айтты. Оның сөзіне қарағанда, кәсіпорын қазандықтарынан 174 көпқабатты тұрғын-үйлерде тұратын бес мөлтек ауданның тұрғындары жылу энергиясын тұтынады. Оның ішінде 16 көп қабатты тұрғын үйге кәсіпорын келісім-шарт негізінде техникалық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 115 бюджеттік мекемелер мен нысандар (ауруханалар, мектептер, балабақшалар) бар.
⭕ «Кәсіпорын қазандықтарының негізгі отын қоры болып табиғи газ қолданылады. «ҚазТрансГазАймақ»АҚ ЖӨФ-мен табиғи газ бойынша келісім шарт жасалынған (табиғи газ көлемі — 23,1 млн.м3). Қазіргі таңда кәсіпорындағы резервтік отын қоры, оның ішінде; тас көмір — 600 тонна және мазут — 40 тонна (600 тонна әлеуметтік мазут алуға Жамбыл облысы Энергетика басқармасына тапсырыс берілген). Жаңа 2022-2023 жылу маусымына қазандықтарды және жылу жүйелерін жөндеу үшін жалпы соммасы 155,9 млн теңге көлемін құрайтын іс-шаралар жоспарланды», — деді Бөріхан Үменұлы.
✔Қазіргі таңда, кәсіпорын бойынша 16 қазандық штатты түрде ыстық сумен 92 тұрғын үй мен қала мекемелерін қамтамасыздандыруда. 1 тамыздан бастап жылыту маусымына дауындалу бойынша кәсіпорын жылу желілерін қысыммен тексеру және жөндеу мақсатында ыстық су беру шамамен 20 күнге тоқтатылады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі