Жамбылда 10 млрд теңгеге 544 жоба мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асты
Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 77 193 бірлікті құрайды. Оларда жұмыспен қамтылған адамдар саны — 128 753 мың адам. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 116,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Сейсебаев Аспандияр айтты. Оның мәліметінше, биылдыққа өңірдегі қаржы институттарымен барлығы 47 млрд теңге көлемінде несиелендіру жұмыстарын жүргізді.
«Бұл қаражаттың 48,5 пайызы, яғни 22,8 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 13,8 пайызы, яғни 6,5 млрд теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 37,7 пайызы микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді. Берілген несиелердің 20,8 пайызы — 9,8 млрд теңгеге 544 жоба мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды», — деп атап өтті спикер.
©️©️©️
✅ Аспандияр Мұраталыұлы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірде бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті. Мәселен, отандық тауар өндірушілермен 9 түрлі тауар 106 ірі сауда дүкендеріне тікелей жеткізілді. Ірі сауда желілерімен 10 түрлі тауарға күзгі форвардтық келісім жасалды. Сонымен қатар 4,2 млрд теңге айналым қаражатын қолдана отырып әлеуметтік маңызы бар тауарлар форвардтық әдіспен 32 әлеуметтік павильон арқылы өткерілуде.
#ӨКҚ
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі