ЖАМБЫЛДА 10 МЫҢНАН АСА МЕМСАТЫП АЛУ РӘСІМІНЕ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекттік аудит департаменті мамандары жыл басынан бері 29 нысанға аудиторлық іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде, 28 нысаннан жалпы сомасы 8 872 млн. теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Мұның 1 832,3 млн. теңгесі қаржылық бұзушылықтар болса, 7 039,7 млн. теңгесі рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жатады. Ал 4 259,1 млн. теңге мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының бұзылуынан көрініс тапты.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде департамент басшысы Серік Мамаев айтып берді. Ол бюджетке қайтарылуы тиіс 1 832,3 млн. теңгенің 1 141 млн. теңгесі қалпына келтірілгенін жеткізді. Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша 22 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған, 9-ынан 4,7 млн. теңге өндірілген. Жалпы сомасы 487,9 млн. теңгені құрайтын 2 материал құқық қорғау органдарына беріліпті.
©️©️©️
«Өткен жылы Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөліміне, Меркі аудандық білім бөлімінен және Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қаржылық есептік аудит жүргізді. Үш объект бойынша баланс валютасы 138 002,9 млрд. теңге болса, 7 бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен 8 бағынысты мекемелердің баланс валюталары жалпы сомасы 129 184 734,6 млрд. тенгені құрайды. Іс-шаралар нәтижесінде, 6 259,2 млрд. тенгені құрайтын бұзушылықтар анықталған. Бүгінде аудит материалдары бойынша шара қолдану жұмыстары жүргізілуде», — деді спикер.
Серік Есіркепұлы есепті кезеңде 10 424 мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізіліп қамтылғанын атап өтті. Департамент тарапынан ұйымдастырушыларға және тапсырыс берушілерге 1 899 хабарлама жіберілген.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі