Жамбылда 1,4 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды
Биыл Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 66 987 адамды қамту жоспарланып отыр. Оларға 4,9 млрд теңге қаржы қарастырылған. 1 тамызға дейін 8 038 отбасындағы 42 124 адамға 2 110,8 млн теңге тағайындалды. Бұл өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда 2 776 отбасыға аз.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шаймерденова Әсел айтты. Ол жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1 398 адам қамтылғанын атап өтті. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1 009 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 255 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 85 адам, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 42 адам, жастар тәжірибесіне 4 адам жолданған. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде 3 адам қайтарымсыз гранттар алған.
❗️ «Осындай мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде 2025 жылға дейін атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 52 652 адамға дейін төмендейді деп күтілуде. Үстіміздегі жылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16 347 бала қамтылу жоспарланса, оған 1,3 млрд теңге қаржы қарастырылған. Қаңтар-шілде айларына бұл жәрдем 11720 балаға берілді. 2023 жылдан бастап әлеуметтік кодекстің жаңа бастамалары аясында 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгілеу арқылы монетизациялау арқылы жүргізіледі», — деді спикер.
©️©️©️
✅ Әсел Уалиқызы жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту үшін 931,7 млн теңге қаржы қаралғанын да мәлімдеді, есепті мерзімде 8 329 адамға 664,1 млн.теңге әлеуметтік көмек көрсетілген.
Өңірлік коммуникациялар қызметі