ЖАМБЫЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҰСЫНУ ПОРТАЛЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРДІҢ 10 475-І ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысында 45 625 мүгедек бар болса, оларды биыл қажетті арнайы оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 1523,9 млн.теңге бөлінді. Осы қаржыға 11 215 мүмкіндігі шектеулі жанға тиісті оңалту құралдары сатып алынады. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1 462,2 млн. теңгеге 9 300 азамат міндетті гигиеналық құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында өңірдегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев айтты. Ол қазіргі таңда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталына 16 279 өтініш тіркеліп, 10 475 өтініш қанағаттандырылғанын атап өтті.
©️©️©️
«Жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы бойынша облыс көлемінде протез-ортопедиялық құралдармен — 27,8%, сурдотехникалық құралдармен — 62,8%, тифлотехникалық құралдармен — 68,2%, кресло-арбалармен — 76,2%, санаторлы-курорттық емделумен — 26,4%, жеке көмекшілердің көмегімен — 90,8%, ымдау тілі маманының көмегімен — 92,0% және міндетті гигиеналық құралдармен 93,1% қамтылып отыр», — деді спикер.