Жамбылда бес мектеп пайдалануға берілді
Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастады. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді десек, Білім күні облыс бойынша 5 мектептің пайдалануға беріліп отырғандығы соның айғағы. Оның 1-уі үш ауысымды, 1-уі апатты және 3-уі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешіп отыр.
Білім күні облыс әкімі А. Мырзахметов Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектептің ашылуына қатысып, оқушыларды, ұстаздарды айтулы күнмен құттықтады.