Жамбылда да жаңғыру бар!

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһары көненің көзі, тарихтың өзі. Жыр алыбының есімін алған Сіз бен Біз тұратын киелі Әулиеата өңірі тарихымен қатар соңғы жылдардағы оң өзгерістерімен де ел аузында десек артық айтқандық емес. Олай деуімізге де толық негіз бар. Себебі, өңірде соңғы жылдары аймақта ел игілігі үшін бірқатар нысандар бой көтеруде.
Мәселен, өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарып, халық саны артып келеді. Тараз қаласы бүгінде екі ауданға бөлініп, аумағы кеңейді. Алдағы уақытта “Әулиеата”, “Жібек жолы” атауын алған қос ауданда жаңа өзгерістер орын алғалы отыр.
Біздің болашағымыз жастар десек, олардың саналы ұрпақ болып өсуі үшін бар жағдай жасауымыз тиіс. Бұл тұрғыда облыс орталығында “Оқушылар” сарайы ашылғаны да соның айқын дәлелі. Қазіргі таңда, мұнда жасөспірімдеріміз түрлі үйірмелерге қатысып, өздерін жан-жақты дамытып келеді.
Бұдан өзге, спорт саласында да оң серпін бар. Мәселен, «Таразға тарту» жобасы аясында бірқатар берілді.
Әрине, тәрбиені ойға алсақ бірден Аналарымыз еске түседі. Бұл орайда, Тараз қаласында “Анаға тағзым” орталығы ашылып жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, орталықта аналарымыздың бос уақыттарын тиімді пайдалануына бар жағдай жасалған. Яғни, түрлі үйірмелерге қатысып, одан үйренгенін табыс көзіне айналдырғандары қаншама?!
Өңірді дамытудың негізгі жолы — инвестиция тарту. Облыста бұл бағытта да жұмыстар жолға қойылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бастысы, ол жобалар шалғай аудандарға тартылып, түрлі өнімдер өндіруге себеп болып отыр. Яғни, жұмыс орындарын құру арқылы өңір даму үстінде. Ол үшін Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандарындағы бастамаларды айтсақ болады.
Аймақта тағы бір ілкімді істердің бірі — инфрақұрылымжы жаңғырту. Тозығы жеткен жылу жүйесі, таза ауыз су, табиғи газ бен тұрғын үй құрылысы.
Әлбетте, өңір дамуы — қоғам дамуы. Облыста тұралап тұрған сала жоқ. Барлық салада ілгерілеу мен серпін бар. Мұның барлығы облыс жұртшылығының еңбегінің жемісі деп білемін. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Дауыл Ынтықбайұлы