Жамбылда кәмелетке толмағандардың қылмысы төмендеді
Жамбыл облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны 30-дан 27-ге төмендеген.
Алайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар саны 8,0%-ға өскен. Жұмыс істемейтіндер саны былтырғы көрсеткішпен бірдей, 8 дерек.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Абдулин Нұркен айтты.
«Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың былтырғы көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 109-дан 51-ге түсті. Аймақта өткен жылы биіктен 17 бала құлап кетті, 2 бала қаза тапты. Ал биылғы 4 айда терезеден 6 бала құлады. Осындай келеңсіз оқиғаларға байланысты нақты шаралар қолға лынды. Айта кетерлігі, 2021 жылы 8 бала суға батып, қаза тапқан болатын, 2022 жылы 1 бала көз жұмды. Осы секілді жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр», — деп атап өтті спикер.
Нұркен Ардашерұлы, сонымен қатар, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау мәселесі қатаң бақылауда екенін алға тартты.
Әкімдіктермен, денсаулық сақтау және білім беру органдары психологтарымен бірлесіп, жалпы білім беру, орта оқу орындарында суицидтің алдын алу бойынша 108 дәріс өтті.
«Былтыр суицидтің 13 дерегі тіркелсе, 7-еуі өліммен аяқталды. Өз-өзіне қол жұмсағандардың 5-еуі қыз бала, 8-і ұл, олардың 10-ы мектеп оқушылары, 3-уі колледж білімгерлері», — деді ол.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының
Өңірлік коммуникациялар қызметі