Жамбылда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының жұмысы
Өнеркәсіп
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 390,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,1% құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
46,7 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,6% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы
11,9% құрайды.
Өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 277,9 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,9% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 71,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі құрылымында мына салалар ең көп үлеске ие: химия өнеркәсібі (33,8%), металлургия өнеркәсібі (10,8%), тамақ өнімдері өндірісі (12,8%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (6,1%).
Мұнай өнімдерін өндіру (1,2%), машина жасау (1,6%), фармацевтика – (2%) дайын металл бұйымдарын өндіру (1,1%), жеңіл өнеркәсіп– (0,6%) салалары ең аз үлеске ие.
Химия өнеркәсібі.
2022 жылдың қаңтар-маусымында сала өндірісінің көлемі – 132,1 млрд. теңгені (2021 ж. – 88,9 млрд. теңге), НКИ – 99,9% құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі – 47,5%.
Бұл салада «Қазфосфат» ЖШС (ЖЖФЗ және минералды тыңайтқыштар), «Talas Investment Company» ЖШС филиалдары, шағын кәсіпорындар бар. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштар өндіруге мамандандырылған; «Talas Investment Company» ЖШС — натрий цианиді мен аммоний сульфаты.
Сала кәсіпорындарының тұрақты жұмысының арқасында өсім қамтамасыз етілді.
2022 жылдың қаңтар-маусымында заттай мәнде өндірілген:
— сары фосфор 43,1 мың тонна (2021 ж. – 42,7 мың тонна)
— натрий триполифосфаты – 10 мың тонна (2021 ж. – 15,2 мың тонна)
— фосфорлы тыңайтқыштар – 102 мың тонна (2021 ж. – 98,3 мың тонна)
— азот тыңайтқыштары – 20,5 мың тонна (2021 ж. – 20,2 мың тонна)
— натрий цианиді – 7 342 тонна (2021 ж. – 7 330 тонна).
Металлургия өнеркәсібі
2022 жылғы қаңтар-маусымында салада – 42,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 38,3 млрд. теңге), НКИ-92,2% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 15,2%.
Саланың негізгі кәсіпорындары — ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ.
Саладағы өндірістің төмендеу себебі ферроқорытпа өндірісінің 17% — ға төмендеуімен («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де 2021 ж 25 желтоқсанынан 2022 ж 25 ақпан аралығында екі пештің біреуі күрделі жөндеуге байнысты тоқтап тұрды) байланысты.
2022 жылғы қаңтар-маусымда заттай мәнде өндірілгені:
– ферросиликомарганец – 15 250 тонна (2021 ж. – 18 372 тонна);
— алтын – 1133,2 кг (2021 ж. – 1077,7 кг.).
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (Құрылыс индустриясы).
Салада 2022 жылдың қаңтар-маусымында 24,0 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 20,4 млрд. теңге), НКИ – 103,6% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -8,6%.
Саланың негізгі кәсіпорындары — портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» АҚ, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС, «Жамбылхимстрой» ЖШС ж.т.б.
Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты.
2022 жылғы қаңтар-маусымда заттай мәнде өндірілгені:
— портландцемент – 737,3 мың тонна (2021 ж. – 779,3 мың тонна)
— құрылыс гипсі – 115,9 мың тонна (2021 ж. – 68,3 мың тонна)
— тауарлы бетон – 33,5 мың тонна – (2021 ж. – 29,7 мың тонна)
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
Салада 2022 жылдың қаңтар-маусымында 4,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 10,4 млрд. теңге), НКИ – 114,2% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -1,7%.
Сала мұнай отынын, авиациялық бензин, мазут шығаратын «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Жамбыл және Талас филиалдарымен ұсынылған.
Дайын металл бұйымдарын өндіру
Салада 2022 жылдың қаңтар-маусымында 4,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 2,2 млрд. теңге), НКИ – 138,5% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1,6%.
Салада екі кәсіпорын жұмыс істейді: «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС және «Металлоконструкция және резервуарлар зауыты» ЖШС.
2022 жылғы қаңтар-маусымда заттай мәнде өндірілгені:
— металл құрылғылары – 4 038 тонна (2021 ж. – 3 668 тонна).

Көркем Асқар