Жамбылда қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау – бақылауда
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқының әлеуетін арттыру, ел экономикасын нығайту мақсатындағы жыл сайынғы Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі – авто- жол салу және оның сапасына көңіл бөліп, оны іске асыру.
Осы ретте президентіміздің тапсырмаларын орындауда Үкімет тарапынан да түрлі бағдарлама жүзеге асырылуда. Көлік тасымалын дамыту арқылы ел экономикасы өркендейді. Сондықтан сапалы автожол салу – еліміздегі көлік тасымалы үшін өте маңызды іс.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі өткен комиссия отырысында Жамбыл облысындағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды алдағы 2024-2025 жылдарға қыс мезгілінде күтіп-ұстау мәселесі көтерілді.
Облыста жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 3164 шақырымды құрайды, оның ішінде:
— облыстық маңызы бар – 1756 шқ;
— аудандық маңызы бар – 1408 шқ.
Автожолдарды 2024-2025 жылдардағы облыстық және аудандық маңызы бар, сонымен қатар қала және елді мекендердің автомобиль жолдарында қозғалыстың шектелуі кезіндегі өзара іс-қимыл бойынша Басқарма тарапынан, «Казгидромет» РМК ЖОФ-ы, Төтенше жағдайлар департаменті және Полиция департаментімен бірлескен «Облыстық, аудандық және елді мекендердің автомобиль жолдарында қозғалыстың шектелуі кезіндегі өзара іс-қимыл бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Бекітілген жол картасымен автожолдарды қысқы күтіп ұстау үшін мердігер мекемені анықтай отырып, қажетті инертті материалдар қорын жоспарға сәйкес толық әзірлеу, өндірістік базалары мен бокстарды қыс мезгіліне дайындау және тағы басқа жұмыстарды жүргізу қарастырылған.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аса қажетті жол телімдеріне, атап айтқанда, тау асулары мен өрлерге, қарқынды қозғалысты қиылыстарға, теміржол өтпелері мен аялдамаларға тайғақтыққа қарсы материалдарды алдын ала жеткізу, қыс мерзімінде жағымсыз ауа-райы салдарынан автожолдарда төтенше жағдайларды болдырмау және жедел шаралар қабылдау мақсатында мердігер ұйымдармен қысқы күтіп ұстауға қосалқы техникаларды тарту бойынша ниет ету келісім-шарттарын жасасу, тапсырыс беруші және мердігер ұйымдар тарапынан тәулік бойы кезекшіліктікті ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.
Жалпы жергілікті маңызы бар жолдарды және Тараз қаласының көшелерін 2024 жылғы қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 22 мердігерлік ұйымдармен келісім шарт жасау жоспарланып, 248 бірлік техника жұмылдыру көзделген.
Бүгінгі таңда, қысқы күтіп ұстауға облыс көлемінде жоспардағы 22 200 тонна құмның 18 194 тоннасы (82%) дайындалған. Жоспарлы 2 540 тонна тұздың 2050 тоннасы жеткізілген (80%).
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы /қараша-желтоқсан/ күтіп-ұстауға 11 мердігерлік ұйымдар тартылған.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына бүгінде 10 ауданда бұл жұмыстарға 10 мердігер тарту жоспарланған. 91 бірлік техниканы жұмылдыру көзделген.
Облыс орталғы Тараз қаласына тоқталып өтетін болсақ көше желілерін күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Ел- Тараз» ЖШС-гі атқарады. Бүгінгі таңға, жоспар бойынша қарастырылған 9750 тонна құмның дайындалғаны 7644 тонна (78%) және жоспардағы 1300 тонна тұздың 1000 (77%) тоннасы жеткізілген.
Қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 50 бірлік жол техникалары мен жабдықтарды жұмылдыру жоспарланған.