Жамбылда құқықбұзушылықтарға қатысы бар 47 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Жамбыл облысында 52 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде 50 нысанда жалпы сомасы 30 529,7 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталса, оның 3 192,5 млн теңгесі қаржылық бұзушылықтар, 27 337,2 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында өңірдегі ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мамаев Серік айтты. Оның мәліметінше, бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 3 192,5 млн теңгеден қолданылған шаралар арқылы 2 494,0 млн теңге қайтарылып, қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 78,1 пайызды құрады.
«Анықталған бұзушылықтар үшін 47 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 18 әкімшілік материал салудан 6,2 млн.теңге өндірілді. Жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 905,6 млн.теңгені құрайтын 6 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Есепті кезеңінде камералдық бақылаумен 357 292,3 млн теңге сомасына 15 290 мемлекеттік сатып алу қамтылды, бұл қарауға жататын 15 554 мемлекеттік сатып алу санының 98,3% — ын құрайды. Оның ішінде 74 169,1 млн теңге сомасына 2 595 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды», — деді спикер.
Серік Есіркепұлы департаментке тек мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы заңды және жеке тұлғалардан 795 өтініш келіп түскенін атап өтті. Оның ішінде 384 өтініш қанағаттандырылды, 308 өтініш қанағаттандырудан бас тартылды, 43 өтініш департамент қызметкерлерімен қарастырылуда.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі