ЖАМБЫЛДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА 215 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

❇️Былтыр Жамбыл облысында құрылыс саласына қатысты 232 жобаға бюджеттен 68,9 млрд. теңге бөлініп, 156 нысан пайдалануға берілді. Қалған 76-сы биылға өтпелі. Бұл жобалардың 155-і «Нұрлы жер» бағдарламасына, 23-і «Жұмыспен қамту», 17-сі «Ауыл – ел бесігі», 35-і өзге де даму бағдарламаларына тиесілі. 1 нысанға Үкімет резервінен, тағы 1 нысанның құрылысына төтенше жағдай резервінен қаржы бөлінген.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбай айтты. Ол өткен жылы құрылыс саласына 215,6 млрд. тенге инвестиция тартылып, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 704,7 мың шаршы метрді құрағанын жеткізді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,1 %-ға артық.

©️©️©️
«Былтыр сметалық құны 24,6 млрд. теңгені құрайтын 28 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда, 20 мектеп, 5 мектепке және 1 колледжге жапсарлас ғимарат құрылысы, 1 мектепті абаттандыру жобасы және Тараз қаласындағы мектептен тыс даму орталығына қосымша ғимарат салу үшін 12 159,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 17 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. Спорт саласында 2,7 млрд теңгеге 11 нысанның құрылысы жүріп, нәтижесінде 5 спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар, сметалық құны 31 млрд. теңгені құрайтын 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 16 млрд. теңге қаржы бөлініп, 2-екі бітті», — деді спикер.
Әлібек Аманбайұлы мәдениет саласында 6 нысанның құрылысына 941 млн. теңге қаржы бөлініп, 5 нысанда жұмыстар толығымен аяқталғанын атап өтті.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі