ЖАМБЫЛДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН. ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Жамбыл облысында барлығы 26 ҰОС ардагері бар, оның 14-і Тараз қаласында, 11-і аудандарда.
Мереке қарсаңында ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңге бір реттік әлеуметтік төлем жасалатын болады.
Сонымен қатар, 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) 2 874 тыл еңбеккерлеріне 50 мың, 252 қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің тұрмысқа шықпаған жесірлеріне, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген 3 азаматқа 60 мың теңгеден беріледі.
Фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының 2 тұтқынына, ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері теңестірілген 1200 азаматқа 100 мың теңгеден беріледі.
Айта ктейік, мерекелік іс-шараны «Жеңіс» саябағында өткізу жоспарлануда.
Тараз Жиырма Төрт