Жамбылда сотталғандарға арналған концерт өтті
Филормония өнерпаздары сотталғандарға арнап концерт өткізді
Бугін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған, №59 мекемесінде Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының өнерпаздары сотталғандарға кезекті концерттік бағдарламасын тарту етті. Өнерпаздар әдемі әндерімен жазасын өтеушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түзеу мекемесі бастығының сотталғандар арасындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы әділет майоры Сұлтан Абеновтың айтуынша, мұндай іс-шаралар түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағытының бірі. Яғни, аталған іс-шаралар мекемедегі жазасын өтеушілердің түзелуіне, мәдени деңгейін арттыруға бағытталған.
Іс-шара соңында мекеме бастығының орынбасары өнерпаздарға улкен алғысын айтып, мекеме бастығының алғыс хатымен марапаттап,естелік сыйлықтар табыстады.