Жамбылда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Видеоплеер

00:00
01:24

Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы барысында 3 мәселе қаралды, атап айтқанда:

  • Алдағы қысқы мерзімді қауіпсіз өткізу;
  • тіршілікпен қамтамасыз ету және көлік коммуникациясы нысандарының дайындығы;
  • жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында өрттер мен жарақаттану, улы газбен улану оқиғаларының алдын алу:

Қаралған мәселелер бойынша жауаптылар баяндамасы тыңдалды.

Отырыс соңында Комиссия төрағасы Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының тармақтарын орындау бойынша тапсырмалар берді және барлық органдардың жауапты және үйлесімді жұмысы ғана төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жамбыл облысы