ЖАМБЫЛДА «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫНА ЕНГЕН 11 КОЛЛЕДЖ 3,7 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЗАМАНУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Жамбылдық колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында қолға алынған «Жас маман» жобасына 11 колледж еніп, 3,7 млрд. теңгеге замануи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкендері және 2 ақылы қызмет көрсету орталықтары ашылды.

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты. Оның мәліметінше, биыл 8 колледж шамамен 41 млн. теңге табыс алады деп күтілуде.

©️©️©️

«Облыстағы 10 аудан мен Тараз қаласы әкімдерінің жанынан салалық жұмыс берушілер кеңестері құрылып, олардың ұсыныстары негізінде облыстық стратегиялық даму жоспары бекітілді. Ауылдық колледждерге жетекші колледждер тағайындалды. Президент тапсырмасына сәйкес, облыстағы колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру жұмыстары қолға алынды. Бүгінге 18 колледж «Казфосфат», «Имсталькон», «Палацио» кәсіпорындарына және «Шәушен» ірі шаруа қожалығы сияқты бейіндері бойынша беріліп, 3 жақты меморандумдар жасалынды», — деді спикер.

❇️Шефтік қамқорлыққа алынған колледждерге кәсіпорындар тарапынан материалдық, тәжірибелік-әдістемелік қолдаулар көрсетіліп жатыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі