ЖАМБЫЛДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРГЕ 103 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ҚАТЫСУДА
Жамбыл облысындағы 365 мектепті 11 762 оқушы бітірді. 490 оқушы «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер. Ал, 9-сыныпты – 21 213 оқушы аяқтады. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындау және білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында барлық мектептерде «Жазғы мектепте оқыту» сабақтары ұйымдастырылды.




«Қорытынды аттестаттау 9, 11 сынып оқушылары арасында 27 мамыр – 10 маусым аралығында жүргізілуде. 9 сыныптарда қорытынды бітіру емтихандары 4 пән бойынша, ал 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау 5 пән бойынша мектептерде өтіп жатыр. Түлектердің мектеп бітіру кештері 17 маусымда ұйымдастырылады. Жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кештерін білім беру ұйымының қабырғасында өткізу жөнінде тапсырма берілді. 2022 жылғы ҰБТ электронды форматта компьютерлік тест түрінде «1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізілуде», — деді спикер.


Өңірлік коммуникациялар қызметі