Жамбылда жол сапасын арнайы орталық зерделеуден өткізуде
Жыл қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін» 97 пайызға, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 82 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Әрине, жолдың көптеп салынып, тақтайдай тегістелуі халықтың алғысына бөлейді.
Алайда «жол салынғанымен оның сапасы қандай?» деген сауал туындайтыны белгілі. Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісім-шарт жасасуға жергілікті бюджеттерден жалпы 105,0 млн. теңге бөлінді. Жол активтері сапа орталығына автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау функциялары жүктелген.
Сапа орталығы арқылы құрылыс материалдары мен жасалған игіліктердің сапасын растайтын сараптама-қорытындылар алынып, салынған жол қабаттарының қалыңдығы мен ендеріне өлшеулер жүргізу басқарма тарапынан жүйелі жолға қойылған. Одан бөлек, автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды. Орталықпен бірлесе отырып, тиянағын тапқан жол жабындысына зерделеу жұмыстары ұдайы жүргізіледі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында көрсетілгендей, біз зерделеу жұмыстарын басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізу арқылы ашықтықты қамтамасыз етудеміз. Үстіміздегі жылы Сапа орталығымен тиянағын тапқан 273 жобаға арнайы барып, 601 сынама алынды. Нәтижесінде, 100 ескерту мен кемшілік анықталып, талапқа сай жасалуы үшін тиісті мекемелерге нұсқамалар мен ескертулер беріліп, бүгінде кем-кетіктер толлықтай реттелді.
Жол сапасын арттырудың тағы бір жолы – жол құрылысына әлемдік үлгідегі жаңа технологияларды пайдалану. Соңғы жылдары бұл бағытта облысымызда реджувасил, миркосюрфейсинг, суық ресайклер және қиыршық тасты мастикалық асфальт-бетон, суық ресайклер технологиясы кеңінен қолданылып, өзінің оң нәтижелерін беруде.
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы