ЖАМБЫЛДАҒЫ 26 МАЙДАНГЕРГЕ 1 МЛН. ТЕҢГЕДЕН ҮЛЕСТІРІЛДІ
Бүгінде Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 26 ардагері мен мүгедегі бар. Оларға 9 мамыр — Жеңіс күніне орай 1 млн. теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген 2 706 тыл еңбеккеріне 50 мың теңгеден үлестіріледі.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова айтты.
©️©️©️
«241 қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары және қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне 50 мың теңгеден берілді. ҰОС ардагері мен мүгедектері жеңілдіктермен кепілдіктері теңестірілген 1987 азаматқа 150,0 мың.теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұған КСРО әскерлерінің қатарында Ауғанстанда, Чернобль АЭС-індегі апат маңында болған, Тәжікстан-Ауғанстан соғысының шекарасын қорғаушылар, Ирак соғысына қатысқан әскери қызметшілер, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер жатады. Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген 3 азаматқа 60 мың теңгеден берілді», — деді Әсел Уалиқызы.
Спикер фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының тұтқыны болған 2 азаматқа 60 мың теңге табыс етілетінін атап өтті.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі