Жамбылдық Ғалымжан Қырықбай “ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ 2023” атанды
Ғалымжан Қырықбай ақтық мәреде Нұрдәулет Жарылғаповты қоян-қолтық белдесуде жеңіп, алғаш рет «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарды. Жамбыл облысының өкілі биылғы жарысқа Әскер Барысы ретінде қатысты.
Ғалымжан ауыспалы алтын тайтұяқ және алтын белбеумен бірге 25 млн .теңгені еншіледі.
Ғалымжан Шайахметұлы 1997 жылы 7 қарашасында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшысы. Дзюдодан ҚР «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері».
Жамбыл облысы әкімдігі