Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырды
ІІМ ҚАЖК жүйесінің оқу орындарында білім алудың артықшылықтары туралы тараздық оқушылар естіп білді. ҚАЖ мамандығының беделі,тегін білім алу, офицерлік атақтар, құқық қорғау қызметінің кез келген бағытында жұмыс істеу мүмкіндігін ашатын диплом- осының барлығын мектеп оқушыларына ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсу арқылы қол жеткізе алатынын Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің қызметкерлері ,мекеменің бөлім басшыларымен бірігіп,оншақты білім ұясының жоғары сынып оқушыларымен дәріс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,арнайы кездесіп қайтты. Мұндай таңдаудың артықшылығы- тегін оқу,шәкіртақы, толық киім-кешекпен қамтылу және ең бастысы,оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Кәсіптік бағдар беру кездесуінде оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олардың көпшілігі оқуды бітіргеннен кейін академияға түсу шарттарымен және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен толығырақ танысуға ниет білдірді.
Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Тараз қаласы, Төле би көшесі 147а мекен-жайдан,сондай-ақ 87262451182 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.