Жамбылдықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Бүгін Таразда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті.
Шараға қатысушылардың қатарында облыстық және қалалық мәслихаттардың, Ардагерлер кеңестерінің, Қоғамдық кеңестердің, «Amanat» партиясы облыстық филиалының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қайғылы кезеңде қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындары да болды.
Жамбылдықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Жамбыл облысы әкімдігі