ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЕРІНЕН — НҰР-СҰЛТАННЫҢ ТӨРІНЕ
Бүгін облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордаға аттанды.
Олардың қатысуымен 3-4 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 62,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 14,0 тонна шұжық, 38,8 тонна сүт өнімдері, 6,0 мың дана жұмыртқа, 10,0 тонна кондитерлік өнімдер мен 13,0 тонна макарон өнімдері, 10,0 тонна қант, 10,0 тонна балық, 5,5 тонна өсімдік майы, 6,0 тонна бал және 336,1 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Елордадағы «Астана арена» спорт кешенінің маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 423,2 млн. теңгені құрайтын 495,8 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткеретін болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы