Жамбылдық полицейлер 16  бірлік қару, 520-дан астам патрон және  гранаталар тапты

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтауға қатысты  күн сайын іздестіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде.

 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысындағы  соңғы бір апта ішінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағынан 16 бірлік қару, 521 патрон, гранаталар, оқ өткізбейтін кеудешелер, газқағарлар мен шлемдерді тапты.

 

Мәселен, 2022 жылғы 26 сәуірде Жамбыл облысының ПД қызметкерлері облыс орталығының аумағында бетон қоршаудың маңындағы  шөп қопасының арасынан полипропилен қапшыққа салынған қару-жарақ тапты, оның ішінен 8 бірлік қару, 2 граната, патрондар, полиция шлемдері және газтұтқыш табылып, тәркіленді.

 

Табылған қарудың арасында «Калашников» және «Сайга» маркалы автоматтар, пневматикалық және Макаров пистолеттері, «ИЖ-18» маркалы тегіс ұңғылы  күркелі бір ұңғылы мылтық, қолдан жасалған бір ойық ұңғылы қару, «ИЖ-58» маркалы ойық ұңғылы қарудың шолақ ұңғылы мылтығы, «РГЭ-60кд» және «ГСЗ» маркалы гранаталар және әртүрлі калибрлі 144 патрон болды.

 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.