Жамбылдық полицейлер ірі металл ұрлығы дерегін ашты
Шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 27, 28 жастағы екі ер адамды және 34 жастағы бір әйелді анықтап, ұстады.
Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындады.
Тергеу барысында күдіктілер 5 қап (125 кг) мысты ұрлап, Түркістан облысындағы металл қабылдау орнына 342 000 теңгеге өткізгені анықталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.